«Мыс саласында өндірілген кен көлемі 2019 жылы 119 млн тонна жетті. Ең үлкен өндіру көлемі «KAZ Minerals« кәсіпорындарына тиесілі - 94,7 млн тонна, Қазақмыс корпорациясы - 29,4 млн тонна және Ақтөбе мыс компаниясы - 5,2 млн тонна. Сондай-ақ барлық өндіріген кеннен 477 мың тонна тазартылған мыс өндірілді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауытында 1 531 мың тонна концентрат өңделді.
Айта кетерлігі, 2019 жылы 1080 мың тонна мыс концентраты экспортталған.