«Былтыр республика бойынша 21 227 тонна уран өндірілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3% төмен. Ұңғымаларды орнатып, олар арқылы уран өндірісі жолға қойылғанға дейін 8-10 ай уақыт өтеді. COVID-19 пандемиясына байланысты 2021 негізгі материалдар мен жабдықтарды алу мүмкіндігі шектеліп, кідіріс болды. Тиісінше, 2022 жылы өндіріс көлемі төмендеді», - деді Ержан Мұқанов
Сонымен қатар ол брифинг барысында келер жылдың ортасында Түркістан облысында күкірт қышқылы зауытының құрылысы басталатынын мәлім етті.