Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Агенттік мәліметіне қарағанда, былтырғы жылы елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2012 жылғы деңгейден 6,9 пайызға жоғарылаған. Мұның өзінде, инвестициялау үшін басым салалар кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (29,1 пайыз), көлік және қоймалау (23,9 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (11,4 пайыз) болып табылады.
«2013 жылы «жасыл» экономикағы салынған инвестициялар көлемі 9,9 млрд. теңгені құрады. Мұның өзінде олардың ішіндегі маңызды үлесі энергияның жаңартылатын көздеріне салынған инвестицияларға тиесілі, және бұл 90,9 пайызды құрайды», - делінген баспасөз баянында.