Былтыр Қазақстанға тұрақты өмір сүруге 3006 адам келіп, 7002 адам кеткен

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Былтыр Қазақстанда сыртқы көші-қон сальдосы теріс мәнге ие болып - 3996 адамды құрады. Қазақстанға тұрақты өмір сүруге 3006 адам келіп, 7002 адам кеткен. Бұл туралы Статистика агенттігінің сайтындағы мәліметтерде қамтылған.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, сыртқы миграцияның басым бөлігі ТМД елдеріне тиесілі болып отыр. Олардан келгендері - 24 007 адам, ал кеткендері 28 383 адамды құраған. Алыс шетелден тұрақты өмір сүруге 4455 адам келді, ал кеткендері 1440 адам болды. 2011 жылы көші-қон саласында теріс сальдо 54 адам мөлшерінде қалыптасты, ал 2010 жылы ол оң мәнге ие болып, 8743 адам болған. Дағдарысты 2008 жылы сальдо теріс мәнге ие болып, ол 11 399 адам болған.