«1990-1999 жылдардағы көрсеткішке қарасақ, Қазақстанның ет экспорты 180 мың тоннаға дейін жеткен еді. Міне, бұл шынайы экспорт, нақты көрсеткіш еді. Алайда соңғы жылдары біз ет әлеуетін мүлдем құлдыратып алдық. Мәселен, 2009 жылы ет экспорты бар-жоғы 300 тоннадан әрең асса, былтырғы 2010 жылы ет экспорты мүлдем болған жоқ. Сондықтан да, біз бүгін ет әлеуетін арттыруға қатысты шараны нөлден емес, құлдыраудан (минустан) бастағалы отырмыз. Алдағы уақытта осы олқылықтың орынын толтыруымыз керек», - дейді А. Ахметжанова. Сонымен қатар, компания өкілі Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Жолдауында ет экспортына қатысты әлеуетті арттыру мәселесіне басымдық берілгенін атап өтті. Президент жүктеген міндетке сәйкес, 2016 жылы Қазақстанның ет экспорты 60 мың тоннаны, 2020 жылы 180 мың тоннаны құрауы тиіс. «Осы межені бағындыру үшін «Қазақстан Республикасында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы әзірленіп, жүзеге асуда», - деді А. Ахметжанова.
19:03, 12 Сәуір 2011
Былтыр Қазақстаннан ет экспортталған емес- «ҚазАгроӨнім» АҚ
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Былтыр Қазақстаннан ет экспортталған емес. Бұл туралы бүгін «ҚазАгроӨнім» Акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихатында аталмыш компанияның басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Ахметжанова мәлім етті.