«Мұндай нысандардың қатарына Шымкент қаласындағы оқу-курстық комбинатының 100 орындық жатақханасы, Жаңқала елді мекенінде салынған 2 пәтерлі 2 тұрғын үй, Қызылордадағы әкімшілік ғимараты және Астанадағы жекпе-жек өнерлері сарайы кіреді. Бұлардың барлығы әлеуметтік маңызы зор ғимараттар деп айтуға болады», - деді компания басшысы.
Оның айтуынша, жуық арада пайдалануға берілетін Астанадағы спорт сарайы күрес, бокс, дзюдо сияқты спорттың көптеген түрлеріне лайықталып жасалады. Сонымен қатар, көпфункциялы кешенде түрлі концерттер, мерекелік шаралар өткізіп, балаларға арналған үйірмелер ашуға болады.