Бас прокуратураның мәліметіншге, бұл көрсеткіш 2021 жылы 11 болған. Тергеу нәтижелері бойынша сотқа 2 іс жіберілді.
Елде осы санаттағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар жоспарлы түрде қабылданып жатыр
2011 жылдың қаңтарында рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілік алғаш рет енгізілді (бизнесті және мүлікті заңсыз басып алуға қарсы іс-қимыл туралы заңмен).
2021 жылдың шілдесінде Қылмыстық кодекстің 249-бабы осы қылмысты жасаудың жаңа тәсілдерімен толықтырылды. Осы бап бойынша жауапкершілік күшейтілді. Құрамы ауыр қылмыстар санатына жатады. Құқық қорғау, бақылау және өзге де органдардың ресурстары мен өкілеттіктерін пайдалана отырып не сот тәртібімен басып алу орын алған кезде «сыртқы, күштік» рейдерліктің жаңа құрамы енгізілді.
Бұл деректер Бас прокуратурада өткен рейдерлікке қарсы іс-қимыл және кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелері талқыланған жиында айтылды.