Былтыр құрылыстағы баға 3,3 пайызға өсті - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Былтыр құрылыстағы баға 3,3 пайызға өсті. Өткен жылы баға құрылыс-монтаж жұмыстарына 3,5 пайызға, машиналар мен жабдықтарға - 1,3 пайызға, өзге де жұмыстар мен шығындарға 4 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі хабарлады.

Бұл салада электр жабдықтарын сатып алу бағасы бір жыл ішінде 10,4 пайызға, құмның - 5,1 пайызға, ламинаттың - 3 пайызға, гипс қатырмасының - 2,9 пайыз деңгейінде, малтатастың - 2,8 пайызға, қиыршықтастың - 1,6 пайызға, сондай-ақ ағаш материалдарының - 1,3 пайызға өсуі байқалды. Бұдан бөлек, жиналмалы құрылыс металл конструкцияларының бағасы 3,3 пайызға, кірпіш 1,1 пайызға төмендеді.