Нақты деректерге жүгінсек, өткен жылы республиканың мамандандырылған экономикалық соттарына 159 951 іс пен арыз келіп түсті. Бұл көрсеткіш 2013 жылға (129 378) қарағанда 30 573 іске артқандығын көрсетеді.
Соның ішінде, 138 373 азаматтық іс өндіріспен аяқталған. Ал енді шешім шығарумен қаралған істер - 119 877 немесе бұл жалпы аяқталған істердің 86,6%-ын құрайды деген сөз.