Бұл туралы Индустрия және сауда министрлігінің былтырғы жыл қорытындысы бойынша ұсынылған ақпараттық топтамасында көрсетілген.
Оның ішінде электронды және оптикалық компьютерлер өнімдерін шығару саласында 22,9 млрд. теңгенің, электр құралдары саласындағы өнім 61,5 млрд. теңгені, басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен қондырғылар саласында 78,1 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді.
Сонымен қатар, 2011 жылдың 12 айында машина жасау саласындағы еңбек өнімділігі оның алдындағы 2010 жылмен салыстырғанда 127,2 пайызға артып, адам басына шаққанда 17,8 мың долларды құраған. Ал Қазақстанның 2010-2014 жылдар аралығындағы Индустрияландыру картасы бойынша 2011 жылы 55 млрд. 301 млн. сомасының 29 жобасы жүзеге асты.
Кеден одағы аумағында да осы салаға баса назар аударылуда. Мәселен, бүгінгі күні Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасында машина жасау өнімдерін, оның ішінде комбаиндар, трактор мен жеделсаты түрлерін шығаратын 12 бірлескен кәсіпорын құрылған.