«Былтырғы жылдың 12 айында тарифке қатысты 1 мың 13 өтінім қаралды, 304 өтінім қабылданбады. 457-сі бойынша тариф көтерілді. Тарифтер заңнама талаптарына сәйкес бекітілетін және енгізілетін шығынды қатаң шектейтінін айту қажет. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2012 жылы монополистер суға сұраған табыс 55 млрд. теңгеден астам қысқартылды», - дейді Мұрат Оспанов.
12:50, 18 Наурыз 2013
Былтыр монополистердің суға сұраған табысы 55 млрд. теңгеден астам қысқартылды - ТМРА
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Былтыр монополистердің суға сұраған табысы 55 млрд. теңгеден астам қысқартылды. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов осылай мәлім етті.