Былтыр облыста 114500 мың тонна жүк тасылған

None
АҚТАУ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2008 жылы облыста, коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдар және кәсіпкерлер тасыған жүк көлемін бағалауды ескергенде, 114500 мың тонна жүк тасылған.
Облыстың жалпы жүк тасымалында көлік кәсіпорындары, яғни тасымалдық қызметі негізгі экономикалық қызмет түрі болып табылатын мекемелер 3271 мың тонна жүк тасымалын жүзеге асырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3 пайызға кем. Олар жалпы жүк көлемінің 2,9 пайызын тасымалдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Автомобиль көлігіндегі негізгі тасымалдаушылар ? коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер. Былтыр олардың үлесіне барлық автокөлік жүк тасымалының 86,1 пайызы тиесілі болды. Жыл басында облыстың жолаушы тасымалымен айналысатын көліктерімен 48767 мың адам тасылған, ол өткен жылғы көрсеткіштен 2,9 пайызға көп. Оның ішінде көлік кәсіпорындары 3894 мың адам тасыған. Бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,2 есе артық.