«Басқарма жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды жүзеге асырады. Бүгінгі күні қалада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Бүгінгі күні арнаулы әлеуметтік қызметтермен 5 556 адам қамтылды, 2022 жылы 5189 адам қамтылды», - деп тоқталды Азамат Оспанов.
Спикердің айтуынша, оңалту қызметтерін алғаннан кейін аяққа тұрып кеткен елордалықтар аз емес.
«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметімен 640 адам қамтылды. Былтыр мұнда 5 адам оңалту шараларынан кейін өз бетінше аяққа тұрды, 140 науқаста сөйлеудің даму динамикасы байқалады. Ата-аналардың, әлеуметтік қызметкерлердің және мамандардың кешенді жұмысының арқасында церебральды сал ауруы диагнозы қойылған 37 қызмет алушы аяғына тұрып, өз бетінше жүруді үйренді. Ал, «Нұрлы жүрек» орталығының 3 тәрбиеленуші түзету мектебіне ауыстырылды және 7 тәрбиеленуші өз отбасына оралды. Бұл мамандардың тиімді жұмысын және тәрбиеленушілердің даму көрсеткішерінің жақсарғанын көрсетеді», - деп нәтижелерді баяндады Азамат Оспанов.