Оның айтуынша, діни-экстремистік және террористік топтардың ақпараттық қызметіне белгілі бір деңгейде шектеу қойылды. Бұл үшін діни бірлестіктердің интернет-ресурстарына мониторинг жүргізу жұмысы күшейтілді.
"Интернет-сайттардың қызметіне шектеу қою жүргізілуде. Нақты айтқанда, Агенттік есепті жылдың ішінде 1900-дан астам сайттардың мазмұнына талдау жасады. Сараптама қорытындысы бойынша, 45 сайт соттың шешімімен Қазақстан аумағында таралу үшін заңсыз деп танылды. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру үшін "Е-islam" мәдени-ағартушылық интернет-порталын құру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті төраға.