Былтыр табиғи монополияларды реттеу саласындағы инвестиция 209 млрд. теңгені құрады - ТМРА

None
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Былтыр табиғи монополияларды реттеу саласындағы инвестиция 209 млрд. теңгені құрады. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов осылай мәлім етті.

Агенттік қызметінің стратегиялық бағытының бірі инвестиция өсімін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты 2012 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция шамамен 209 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен кезеңнен 46 пайызға немесе 66 млрд. теңгеге артық көрсеткіш болып отыр.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы базалық монополистер өткен жылы шамамен 28 млрд. теңге шамасында инвестициялау бағдарламасын іске асырды. Нәтижесінде, 840 трансформатор, 3751 шақырым электр желісін, 34 шақырым жылу желісін, 21 турбина мен 29 қазандық жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізген», - дейді Мұрат Оспанов.