Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында мәлім болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған мәліметі бойынша, Қазақстан «В» және «С» вирустық гепатитіне шалдыққан науқастарды тегін дәрімен қамтамасыз етіп отырған әлемдегі санаулы елдердің қатарына кіреді. Бұдан бөлек, бұрындары 50 пайыздық жеңілдікпен беріліп келген дәрілер 2012 жылдан бастап тегін беріле бастаған. Дәрігерлердің рецепті бойынша тегін берілетін дәрілер тізіміне 48 нозология бойынша 400-ден астам дәрілік препараттар кіреді. Олардың ішінде 35 ауру түрі бойынша қаржыландыру жергілікті бюджет, 13 түрі бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.