Ресми статистика бойынша, былтыр Қазақстанда орташа жалақының мөлшері 250,3 мың теңге болған.
Бұл межеден тек Атырау (406,2 мың тг), Маңғыстау (349,5 мың тг) облыстары мен Нұр-Сұлтан (344,7 мың тг), Алматы (296 мың тг) қалаларының статистикасы ғана жоғары.
Атырау облысы - 406,2 мың тг
Маңғыстау облысы - 349,5 мың тг
Нұр-Сұлтан - 344,7 мың тг
Алматы - 296 мың тг
Қазақстан - 250,3 мың тг
Қарағанды облысы - 240,6 мың тг
Батыс Қазақстан облысы - 226,5 мың тг
Шығыс Қазақстан облысы - 224,7 мың тг
Павлодар облысы - 220,3 мың тг
Ақтөбе облысы - 217,6 мың тг
Қызылорда облысы - 212,8 мың тг
Алматы облысы - 207,6 мың тг
Ақмола облысы - 203 мың тг
Қостанай облысы - 201,9 мың тг
Жамбыл облысы - 195,9 мың тг
Түркістан облысы - 195,3 мың тг
Шымкент - 193,7 мың тг
Солтүстік Қазақстан облысы - 187,5 мың тг.
Статистер жалақы мөлшерінің қызмет түрлері бөлініснідегі статистикасын да ұсынып отыр.
Ол мәлімет бойынша, ең жоғары айлық басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге тиесілі болған – 447,8 мың теңге.
Одан кейінгі орындар мынадай ретпен түзілген:
- Кәсіби мамандар –291,9 мың тг;
- Техник-мамандар және өзге де көмекші кәсіби қызметкерлер – 217,9 мың тг;
- Әкімшілендіру саласындағы қызметкерлер – 195,5 мың тг;
- Қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері – 158,4 мың тг;
- Фермерлер мен ауыл және орман шаруашылығы, балық өсіру және балық шаруашылығы жұмысшылары – 145,5 мың тг;
- Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және өзге де соған ұқсас қызметтегі жұмысшылар –252,6 мың тг;
- Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар және жүргізушілер –263,1 мың тг;
- Біліктілігі жоқ жұмысшылар – 107,8 мың тг;
Өзге топтарға кірмейтін жұмыскерлер – 183,7 мың тг.
Айта кетейік, Үкімет түрлі саладағы 1,1 миллионнан астам жұмысшының еңбекақысы көтерілетінін мәлім еткен болатын.