Былтыр жеке сот сарапшылар 50 млн теңгенің қызметін көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде сорт сараптамалық қызметті цифрландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азамат Әмірғалиевтің айтуынша, Әділет министрлігі мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерді цифрландыруға барынша атсалысып отыр. Атап айтсақ, ведомствоның араласуымен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру, «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы, электронды техникалық төлқұжат беру, eGov Mobile мобильді қосымшасында неке қабілеттілігі туралы электронды анықтама беру қызметтерін іске қосылған.

Сондай-ақ, ол ел астанасында Сот-сараптамалар институты ғимаратының құрылысы былтыр аяқталғанын еске салды.

«Жеке сот сарапшылары жалпы көлемі 50 млн теңге болатын 6 мыңнан астам сараптама өткізді. «Е-saraptama» ақпараттық жүйесі республика бойынша пилоттық режимде іске қосылды. Жүйе «Е-Қылмыстық іс» және «Төрелік» ақпараттық жүйелерімен интеграцияланды», - деді Азамат Әмірғалиев.