«Былтыр ана өлімі 3-4 есе өскен болатын. Бұл коронавирус инфекциясының салдарынан орын алды. Тек Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзінде ана өлімі артты. Тіпті өлім-жітімнің артқаны да белгілі», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Министрдің дерегінше, өткен жылғы ана өлімінің 70 пайызы коронавирусқа байланысты, ал қалғанына жүктілік салдары, яғни акушерлік қан кету, эклампсия сияқты басқа да аурулар себеп болды.
«Олардың ішінде медициналық көмектің сапасыз көрсетілген фактілері де бар. Ол фактілердің бәрін тиісті органдарға жібердік. Қазіргі уақытта былтырғы жағдайларға байланысты тексеру жүріп жатыр. Тіпті, сотта жатқан істер де бар», - деді ол.