Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, есепті кезеңде еңбекақы мөлшері 0,9 пайызға өскен. Ал салалық құрылымда ең жоғарғы еңбекақы қаржы және сақтандыру қызметінде - 267,7 мың теңгені құраған. Бұдан бөлек, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 264,6 мың теңге, ал тау-кен өнеркәсібі мен кен орындарын игеру саласында 247,5 мың теңгені құраған. Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы - 55,7 мың теңгені құрады. Аймақтар бойынша ең жоғарғы еңбекақы Маңғыстау облысында - 232,7 мың теңгені құраған.
17:38, 11 Ақпан 2013
Былтырғы желтоқсанда орташа еңбекақы 127 мың 402 теңгені құрады
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2012 жылдың желтоқсан айында бір еңбеккердің орташа айлық номиналды еңбекақысы 127 мың 402 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,9 пайызға артты.