деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұның ішінде шығыстар бойынша - 102 млрд. теңге, кірістер бойынша - 35,5 млрд. теңге, мемлекет активтері бойынша - 83,6 млрд. теңгенің қаржылық бұзушылығы белгілі болды. Бұдан бөлек, 31,9 млрд. теңге қалпына келтірілді, бұл осының алдындағы кезеңмен салыстырғанда 13 есе артық көрсеткіш», деді О. Өксікбаев.
Оның айтуынша, былтырғы жылы қаржылық құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 56 материал жіберілген. 14 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 5 іс сотқа жетіп, 8 адам сотталған. Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке 78 адам тартылды.