Былтырғы жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бағалау есебімен алғанда 307298,9 млн теңгені құрады

None
АҚТАУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бағалау есебімен алғанда 307298,9 млн. теңгені құрады.
Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Инвестиция құрылымында негізгі капиталдың 47,4 пайызын ғимараттар мен жабдықтарды күрделі жөндеу мен құрылыс жұмыстары, 20,8 пайызын көліктер мен құрал-жабдықтар алу, 31,7 пайызын өзге де күрделі жөндеу жұмыстары мен шығындар құраған. Инвестицияның 54,7 пайызы тау-кен өндірісіне, - 10,7 пайызы жылжымайтын мүлік операцияларына, 16,4 пайызы - көлік және байланысқа, 3,5 пайызы - құрылысқа, сондай-ақ 1,6 пайызы - өңдеуші өндіріске бағытталған. Негізгі капиталға салынған инвестицияның негізі - қаржыландыру көзі болып шаруашылық субъектілерінің (жалпы көлемінің 53,4 пайызы) жеке қаржысы. Шетелдік инвестиция ? 25,8 пайызды, заемдік қаржылар 8,6 пайызды құрады. Жекеменшік түрдегі шаруашылық субъектілерінде инвестицияның жалпы көлөмінің 58,0 пайызы игерілген. Бұл тұрғыда Маңғыстау облысында қызмет етіп жатқан өзге мемлекеттер субъектілерінің үлесі - 26,6 пайыз. Мемлекеттік сектордың үлес салмағы 15,3 пайызды құрайды.