Бұл туралы Индустрия және сауда министрлігінің былтырғы жыл қорытындысы бойынша ұсынылған ақпараттық топтамасында көрсетілген.
Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың 9 айында елге келушілер туризмі 14,2 пайызға артып, 3,8 млн.-нан астам адамды құраған. 2010 жылғы бұл көрсеткіш қаңтар-қыркүйек айларында 3,3 млн. адамды құраған болатын. Сонымен қатар, былтырғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ішкі туризм 12,8 пайызға артып, 3,8 млн. адамды құрады. Ал есепті кезеңде елден сыртқа шығу туризмі 24,5 пайызға артып, 5,9 млн. адамды құрады. 2010 жылдың аталған кезеңінде бұл көрсеткіш 4,7 млн. адам деңгейінде болатын.