«Алматы тұрғындарының қала ішіндегі мобильділігін арттыру мақсатында - бюджет жобасында метроның қолданыстағы 9 және болашақтағы 2 стансасына операциялық қызмет көрсету үшін электропойыздардың 8 құрамын алуға аванс беру қарастырылған. Осы шараларға 8,1 млрд теңгені бағыттау көзделген», - деді ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов.
Айта кету керек, қалада «Сарыарқа» мен «Достық» стансаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2020 жылға қарай аяқталады деп күтілуде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінде бюджетті нақтылау заң жобасы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімшілік мәртебелеріне қатысты тапсырмаларды орындау үшін әзірленгені айтылды.