Бюджет қаржысын жымқырған Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары өз кінәсін мойындады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жандос Әбішев және оның ағасы Елдар Әбішевке қатысты қозғалған қылмыстық істің алдын ала тыңдауы 9 тамызға тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласыныңҚазыбек би аудандық сотының өндірісіне облыс әкімінің бұрынғы орынбасары ЖандосӘбішев пен оның ағасына қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Айыпталушылар кінәсінмойындау туралы іс жүргізу келісімін жасаған.

Сот материалдарынасәйкес, Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бұрынғыорынбасары Жандос Әбішевке ҚР ҚК-нің 364-бабының 3-бөлігі бойынша «Жауаптымемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаның кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуы»деген айып тағылды. Бұрынғы шенеунік қазіргі таңда қамауда.

«Процессуалдықкелісіммен кінәні мойындау туралы мәміле түрінде келіп түскен қылмыстық ісөндіріске қабылданды. Алдын ала тыңдау 9 тамызға белгіленді», - деп хабарладыҚазыбек би аудандық сотында.

Еске сала кетейік,биыл ақпан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроҚарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресҰлттық бюросы Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқадейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ол облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламаларды үйлестіру басқармасының лауазымды тұлғаларымен алдын ала сөзбайласу арқылы адамдар тобында облыстың мүмкіндігі шектеулі адамдарын арнайықатынас көліктерімен қамтамасыз етуге бөлінген 36 млн теңгеден астам сомадағыбюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр», - деді агенттікте өткенбаспасөз мәслихатында Арман Бердалин.

Оның айтуынша, атап айтқанда,техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін және көтеріңкі бағада мүмкіндігішектеулі адамдарға арналған кресло-арбаларын жеткізу бойынша қылмыстық ісқозғалған.


Еске сала кетсек, Жандос Әбішев 2014 жылдың қыркүйегінен2019 жылдың 16 қаңтарына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінатқарды. Ол өңірдің әлеуметтік саласы мәселелеріне жетекшілік етті.

Соңғы жаңалықтар