Керімбеков алаяқтық жасап, өзі бағынатын ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің лауазымды тұлғаларына беремін деп орынбасарларынан 764 мың теңге жинап алды деген күдікке іліккен.
Бұдан бөлек, лауазымын теріс пайдалана отырып, бюджет қаражатын жымқырды деген күдік те болған. МҰТП басшысы Түркістан облысының Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында 564 мың теңгеге жоңышқаны орып, тасымалдау жұмыстарының актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған.11 қыркүйек күні Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Керімбековке 7 640 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.