«Денсаулық сақтау жүйесіне 2025-2027 жылдарға арналған шығыстар 7,6 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2025 жылға 2,4 трлн теңге қарастырылған. Осы жылмен салыстырғанда 133 млрд теңгеге артық», - деді А. Бейсенбекұлы.
Шығыстардың өсуінің негізгі факторлары ретінде келесілерді атап өтуге болады:
1. Мемлекеттік жарналар мөлшерлемесінің 1,9%-дан 2%-ға дейін артуы мен халық санының өсуі.
2. Профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын ұлғайту.
Жалпы, 2025 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне 1,6 трлн теңге сомасында шығыстар жоспарланған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 675 млрд теңге, оның ішінде мемлекеттік жарналарға 668 млрд теңге көзделген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылы әлеуметтік саланың шығыстары артады.