Бюджетті игермеген бірінші басшыларға жауапкершілік күшейеді — министр

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде бюджет қаржысын игермеген бірінші басшыларға әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Қаржы министрі Мәди Такиевке бюджет қаражатын дұрыс игермеген бірінші басшылардың жауапкершілігін қатаңдатуға қатысты сауал қойды.

— Қарастырамыз, былтыр 73 тұлғаға айыппұл салынды. Жалпы ойымызда бар, әкімшілік жауапкершілікті күшейту, — деп жауап берді Мәди Такиев.

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінде бюджет қаражатын игеруге қатысты вице-министр мен комитет басшылары жауапқа тартылған.

Сондай-ақ ведомство басшысы бірінші басшыларға жауапкершілікті күшейту биыл енгізілетінін айтты.

Бұған дейін Қаржы министрі былтыр бюджет кірістері бойынша түсімдер неге төмендегенін түсіндірген еді