Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Қаржы министрі Мәди Такиевке бюджет қаражатын дұрыс игермеген бірінші басшылардың жауапкершілігін қатаңдатуға қатысты сауал қойды.
— Қарастырамыз, былтыр 73 тұлғаға айыппұл салынды. Жалпы ойымызда бар, әкімшілік жауапкершілікті күшейту, — деп жауап берді Мәди Такиев.
Министрдің мәлімдеуінше, бүгінде бюджет қаражатын игеруге қатысты вице-министр мен комитет басшылары жауапқа тартылған.
Сондай-ақ ведомство басшысы бірінші басшыларға жауапкершілікті күшейту биыл енгізілетінін айтты.
Бұған дейін Қаржы министрі былтыр бюджет кірістері бойынша түсімдер неге төмендегенін түсіндірген еді.