Бюджеттік салада кімнің жалақысы өседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көтеруге қатысты есеп-қисапты жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, аталған шаралармен жалпы республика бойынша 643 407 қызметкер қамтылады.

«Олар - әлеуметтік жұмыскерлер, кітапxанашылар, орманшылар, ветеринар дәрігерлер, іс жүргізушілер, аула сыпырушылары, теxникалық персонал және тағы басқа қызметкерлер. Мысалы, орташа жалақы 69 мың теңгені құраса, енді ол 90 мың теңгені құрайды. Ол үшін қосымша 459,5 миллиард теңге қажет. Соның ішінде 2019 жылда 90,7 миллиард теңге бөлу керек», - деді Р.Дәленов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, кеше «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көтеруді тапсырды.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысын көтеруді көздейді.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 225 мыңнан астам медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі деп отыр.