08:09, 26 Наурыз 2009
Бюджеттік ұйымдар Интернет арқылы мемлекеттік сатып алулар өткізеді - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының бюджеттік ұйымдары ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік сатып алуларды Интернет арқылы өткізе бастайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Павлодар облысы мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі арасында Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тендерлерін электрондық форматта өткізуі туралы келісімге қол қойылды», - деп мәлімдеді облыстық Қаржы басқармасының бастығы Батыржан Биғалиев.Шенеуніктер тауар жеткізілімшілермен және қызмет көрсетушілермен Қаржы министрлігінің веб-порталы арқылы ғана хабарласатын болады. Тапсырыс беруші мен жеткізілімшінің бір-бірін көрмей өтетін мұндай шара сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндігін жоққа шығарады, дейді мамандар. Қазіргі уақытта аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алуларға қатысатын ұйымдар мен ведомстволардың сайттарын реттеуге тапсырма берді.