«2012 жылы жобалық құнның арту көлемі 40 млрд. теңге, осы жылы 60 млрд. теңгеге артты. Жоба қабылданған кезде біз қараймыз, ал содан кейін шамамен 50 пайызға қымбаттау орын алады», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының пайымынша, барлық проблема әзірлеу төңірегінде орын алуда. Әсіресе, жобалық-сметалық құжаттаманы қарау төңірегінде күдікті бизнес қалыптасып отыр. Олар үкіметтің лицензиясын алып, бүгінде бүкіл ел аумағында жұмыс істеуде.
«Осы жобалық-сметалық құжаттаманы мыңдаған адам, мыңдаған компания ұсынады. Олардың барлығына да лицензия таратып берген. Мұның барлығының мән-жайын анықтауды тапсырамын», - деді ҚР Президенті.