Оның хабарлауынша, соңғы он айдың ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша 264 қылмыс тіркелді. Оның барлығы «Ақ бұлақ», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту», «Қолжетімді баспана», «Агробизнес» және тағы басқа бюджеттік бағдарламаларды орындау барысында анықталған. «Соның салдарынан республикалық бюджетке 6 млрд. теңге көлемінде шығын келді», - дейді А.Лукин.
Қаржы полициясының генерал-майоры атап көрсеткендей, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын жетілдіру жұмысы жүргізіліп келеді. Онда пара алғаны үшін тек бас бостандығынан айыру жазасы ғана емес, қомақты айыппұл салу мәселесі де қарастырылған.