«2022 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 421 млрд теңге немесе жалпы шығыстар көлемінің 2,3 пайызы болды. Бюджет қаражатын тиімді және толық игеруде әкімшілердің жауапкершілігін арттыру үшін шаралар қабылданды. Бұл тұрғыда орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты. Былтырдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардан 113 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 82 адам басшылық қызметте жүргендер», - деді Е. Жамаубаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Е. Жамаубаев былтыр республикалық бюджет кірістері 101,9%-ға атқарылғанын айтты.
Қаржы министрі былтыр бюджет қаражатынан 81 млрд теңге не себепті игерілмегенін түсіндірді.