«Жалпы шығыстарды азайту 165,8 млрд. теңгені құрайтын болады, оның ішінде, мемлекеттің міндеттемелерін орындауға байланысты қалыптасқан үнемдеу есебінен 29 млрд. теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде қалыптасқан үнемдеуден 19 млрд. теңге және күтілетін толық игерілмеу 117,8 млрд. теңге», - деді Е. Досаев.
Оның айтуынша, осы қаражаттың бір бөлігі, нақтырақ айтсақ, жалпы сомасы 100,0 млрд. теңге қаражат мынадай жобаларға жұмсалатын болады:
- «Жезқазған-Бейнеу» теміржол желісінің құрылысына 30,0 млрд. теңге,;
- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ң жарғылық капиталын ұлғайтуға 30,0 млрд. теңге;
- ЭКСПО-2017-ні өткізуге дайындыққа 20,0 млрд. теңге;
- «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Астана қаласының өкілетті мекемесінің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ң алдындағы міндеттерін орындау үшін Астана қаласының апатты жағдайдағы тұрғын үйлерін бұзу жобасын іске асыруға берілген несиелерді қайтаруға 20,0 млрд. теңге жұмсалатын болады.