Бюрократизм бұл мемлекеттік басқару жүйесіндегі жұмыстың нормадан тыс болу проблемаларының бірі - Елбасы

Фото: None
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызмет саласындағы проблемаларды атады.

«Бізде, мемлекеттік қызметте бірқатар проблемалар бар. Ең алдымен бұл мемлекеттік қызметтердегі сапаның төмендігі. Бір күнде 450 бұзушылық орын алады. Құжат айналымы деңгейін бюрократия деуге де болады, 1 қызметкерге келетін құжаттар саны 500-ге жетіп жығылады»,- деді Елбасы.

Мәселен, өткен жылы қазақстандықтар мемлекеттік органдардың талаптары бойынша 22 млн. анықтама тапсырғандығын баса айтқан Мемлекет басшысы: «Қазақстанның барлық халқынан да көп. Бұл қалай болғаны? Бұл тіпті, біз электронды құжат айналымы жүйесі мен ХҚКО-ларды белсенді дамытып отырғанның өзінде-ақ орын алуда. Мен өзімнің аппаратыма сауал қоямын: ХҚКО-лардың, электронды үкіметтің жұмысы қайда? Бюрократизм бұл мемлекеттік басқару жүйесіндегі жұмыстың нормадан тыс болу проблемаларының бірі»,- деді.

Бұл ретте ҚР Президенті өз тапсырмасымен «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңның қабылданғанын атап өтіп, бұл заң әрбір мемлекеттік қызметшінің үстел кітабына айналуы тиістігін баса айтты.