Ол Қазақстандағы сайлау барысын бақылау кезінде алған әсерін бөлісті.
— Сенім даму процесінің ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Сондықтан сайлау процесі және азаматтардың оған қатысу мүмкіндігі үлкен маңызға ие, — деді Муиз Вахабадин.
Оның айтуынша, халықаралық байқаушылар бірнеше сайлау учаскесіне ғана барып, елдегі жағдайдың толық көрінісін бағалай алмайды. Дегенмен мұндай сапарлар дауыс беру барысы туралы белгілі бір түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
— Екі сайлау учаскесі бүкіл елдің жағдайын көрсете алмайды. Алайда бақылау аясында біз сайлау процесі туралы кеңірек түсінік ала аламыз. Қазіргі таңда біздің тәжірибеміз негізінен оң болды, — деді ол.
Муиз Вахабадин халықаралық байқаушылардың негізгі міндеті сайлау процесін тікелей бақылау, азаматтармен қарым-қатынас орнату және болып жатқан жағдайларды тіркеу екенін атап өтті.
— Біз бақылауға, тыңдауға және көргенімізді баяндауға келдік, — деді ол.
Халықаралық сарапшы Қазақстанның өңірдегі маңызына да тоқталды
— Қазақстан түрлі мәдениеттерді, дәстүрлер мен діндерді байланыстырып тұрған өңірдегі маңызды мемлекет. Осы тұрғыдан алғанда, сайлау — саяси және қоғамдық дамудың маңызды бөлігі, — деп түйіндеді халықаралық байқаушы.
Айта кетейік, бұған дейін халықаралық байқаушы Басель Әл-Хадж Джасем Қазақстанда бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау барысында сайлау процесінің ашықтығы туралы айтқан еді.