«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан 1,2 трлн теңгеге немесе 8,3 пайызға ұлғайып, мамыр айының соңында 15,8 трлн теңгені құрады», - деді Ғалымжан Пірматов.
Ұлттық банк төрағасының дерегінше, жыл басынан инвестициялық кіріс көлемі – 508,1 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 837,4 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 100,9 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы 62,8 млрд теңге болды.
«Зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыру және шетелдік нарықтарда инвестициялау мақсатында 2023 жылдың басынан бастап 1,1 млрд доллар сатып алынды», - деді ол.