БЖЗҚ-дағы ақша өсе ме

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласы филиалының директоры Мұрат Шәріпов қорда жиналған қаржы қайда жұмсалатыны жөнінде пікір білдірді.

Фото: видеодан алынған скрин

Оның сөзінше, зейнетақы қорындағы қаражат инвестициялық жобаларға салынып, соның арқасында ұдайы артып отырады.

— Ол жинақтар бекер жатпайды. Ол инвестицияланады, ол әрдайым өседі. Бүгінде жинақталған қаражаттың 40%-ы — осы 28 жылдан бері жиналған инвестициялық табыс. Әрине, бұған инфляция да ықпалын тигізеді. Бірақ соған қарамастан, жинақталған қаражатқа инвестициялық кіріс есептеліп отырады. Оны да азаматтарымыз көріп, бақылап отыр деген ойдамын. Ақша өсіп жатыр, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін 2,5 миллионнан астам қазақстандық зейнетақы төлемдерін алатынын жазғанбыз.