Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарды интернет алаяқтығының жиілеп кету оқиғаларына байланысты қырағы болуды екертеді.
«Бүгінде интернет алаяқтары аңғал азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапқан. Олар ғаламторда түрлі есімдермен тіркеліп, Астана және басқа да қала тұрғындарына екінші деңгейлі банктерден несие ресімдеуге көмек көрсететіндіктері жөнінде түрлі жарнамалар береді.
Жарнама бойынша хабарласқан адамға клиенттің төлем жүргізуге қабілеттілігін растайтын «дұрыс көшірмені» алу үшін «тиісті сыйақы» аударылуы тиіс банк картасының реквизиттері жазылған SMS-хабарлама жіберіледі. Қазіргі кезде БЖЗҚ осы тектес фактілер бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін мәліметтерді құқық қорғау органдарына жіберді», - деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
ҚР азаматтары зейнетақы қоры туралы мәлімет пен тиісті анықтамаларды қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы, электрондық пошта арқылы, сайтта онлайн режимде немесе «БЖЗҚ» АҚ мобильді қосымшасынан, сондай-ақ электронды үкіметтің egov.kz сайты арқылы тегін алады.
Осыған дейін ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов зейнетақыны инвестициялау қажеттігін айтқан болатын.
17:55, 24 Қазан 2018
БЖЗҚ интернет алаяқтығы туралы ескертті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан «дұрыс көшірме» алу үшін көмектесуге уәде берген алаяқтар қорды полицияға шағымдануға мәжбүрледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.