БЖЗҚ «Қазақстан темір жолының» облигацияларын сатып алғанын жоққа шығарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) және басқа да қорлардың активтерін басқарушы ретінде «Қазақстан темір жолы» облигацияларын сатып алған жоқ. Бұл туралы БЖЗҚ-дан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстаның Ұлттықбанкі БЖЗҚ және өзге де қорлардың активтерін сенімді басқарушы ретінде 20 тамызкүні Қазақстан қор биржасында өткен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы»АҚ-ның (KZ2C00005866) 40,0 млрд теңге сомасына облигацияларын 15 жыл мерзімге орналастырубойынша сауда-саттыққа қатысқан жоқ», - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметінен.

20 тамыз күні Қазақстанқор биржасының (KASE) сайтында жылдық кірістілігі 2 пайызбен «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясының 40 млрд теңге сомасындағы облигацияларын 15 жылмерзімге орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілгені хабарланғанеді.

Жекелеген интернет-пайдаланушылараталмыш облигацияларды БЖЗҚ сатып алуы мүмкіндігі туралы болжам жасады.