Бүгін Сенат депутаттарымен кездесу барысында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Ерденаев осылай мәлім етті.
Төрағаның айтуынша, алдағы уақытта жинақтаушы зейнетақы қорына және оның операторы болып табылатын БЖЗҚ-на халықтың сенімін қалпына келтіру бағытында жұмыстар жанданатын болады. «Бұл ретте біз зейнетақы жинақтау жүйесі, оның Қор қызметіндегі рөлі туралы халықтың ақпараттануын қамтамасыз ететін коммуникациялық стратегияны жүзеге асырмақпыз. Біз жоғары оқу орындарымен, Назарбаев Университетімен және басқа да мекемелермен бірлескен ынтымақтастық арқылы зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы халықтың қаржылық сауаттылығын көтергіміз келеді», - дейді Р. Ерденаев.
Оның айтуынша, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында мектептер мен жоғару оқу орындарында жинақтаудың қажеттілігі, зейнетақы салымының маңыздылығы туралы арнайы сабақтар өткізу қарастырылуы мүмкін.