БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады.

— Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептеледі, — деп жазады БЖЗҚ ресми сайты.

ТЖШ есептеу кезінде 2026 жылға арналған мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:

1. ең төменгі жалақы мөлшері — 85 000 теңге;
2. зейнетақының ең төменгі мөлшері — 69 049 теңге;
3. ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.

— Осылайша 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10% өсті. Бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді, — делінген ресми мәліметте.

2026 жылға арналған минималды жеткіліктілік жаңа шектерінің көрінісі төмендегідей:

Жасы

 Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге

Жасы

Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге

20

3 720 000

40

6 720 000

21

3 850 000

41

6 890 000

22

3 990 000

42

7 070 000

23

4 120 000

43

7 250 000

24

4 260 000

44

7 430 000

25

4 390 000

45

7 610 000

26

4 530 000

46

7 800 000

27

4 680 000

47

7 990 000

28

4 820 000

48

8 180 000

29

4 970 000

49

8 370 000

30

5 120 000

50

8 570 000

31

5 270 000

51

8 770 000

32

5 420 000

52

8 970 000

33

5 570 000

53

9 180 000

34

5 730 000

54

9 390 000

35

5 890 000

55

9 600 000

36

6 050 000

56

9 810 000

37

6 220 000

57

10 030 000

38

6 380 000

58

10 250 000

39

6 550 000

59

10 480 000

-

-

60-62

10 700 000

2026 жылға салымшының жасына қарай жеткіліктік шегі қалай белгіленгенін мына жерден көруге болады. 

Бұған дейін зейнетақы жинағындағы артылған ақшаға көз емдеу тоқтатылғанын жазған едік.