«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бір жылда 1,6 трлн теңгеге немесе 12,1 пайызға ұлғайып, 2022 жылдың соңында 14,6 трлн теңгені құрады. 2022 жылы инвестициялық кіріс көлемі - 914,1 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 1 728 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 260,8 млрд теңге, мерзімінен бұрын алу сомасы 896,3 млрд теңге болды», - деді Ғалымжан Пірматов.
Оның дерегінше, 2022 жылы зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,55 пайызға жетті.
«Зейнетақы активтерінің шоғырландырылған сәттен бастап жинақталған кірістілігі 113,7 пайыз инфляциямен салыстырғанда 115,9 пайызды құрады», - деді Ұлттық банк төрағасы.