«Бүгін БЖЗҚ директордар кеңесінің отырысы өтті. Онда екі мәселе қаралды. Біріншісі - ішкі бақылауды күшейту. Мұнда қордың жеке қаражаты инвестицияларымен болған жағдай барлығына белгілі. Директорлар кеңесіне қордың ішкі бақылау жүйесі неге жұмыс істемегінін түсіну маңызды. Кеңесте осыған жауап беретін қор бөлімшелері басшылары тыңдалды.
Жеке активтерді инвестициялау үшін ішкі аудит қызметі бар. Қоғамды дүрліктірген мәміле неге директорлар кеңесінде қаралғанын түсіндіреміз: көлемі бойынша ол қордың жеке активтерінің 25 пайызынан аспады. Яғни, акционерлік қоғам туралы заңға, БЖЗҚ жарғысына сәйкес директорлар кеңесі қарауға жататын ірі мәміле осы көрсеткішке тең немесе одан асатын мәміле болып табылады», - деді ҰБ төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.
Ол директорлар кеңесі БЖЗҚ басқармасына қолданыстағы құжатқа өзгерістер мен толықтырулар ензгізуді тапсырғанын атап өтті. Атап айтқанда, БЖЗҚ құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылын жетілдіруге бағытталған өзгерістер.
Зейнетақы жинағы 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 6,64 трлн теңгені құрады.
Еске салсақ, сот бұрынғы басшы Руслан Ерденаевқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ сот Тәуекелдерді басқару департаментінің қаржылық тәуекелдер басқармасының бастығы Мұса Бахытов, «АлатауМұнайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры А. Найзағаринаны қамауға алу шарасын өзгеріссіз қалдырды.