Іс-шара барысында Цзя Цинлинь университет студентері алдынды сөз сөйлеп, дәріс оқыды. Өз сөзінде ол екі ел арасындағы саяси-экономикалық байланыстарға тоқталып, Қазақ елінің әлемдік қаржы дағдарысын еңсеру жолындағы оң тәжірибесіне жоғары баға берді. Кездесу соңында Цзя Цинлиньге «Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры» ғылыми атағы және университеттің естелік медалі табысталды.
18:39, 10 Қараша 2010
Ц. Цинлиньге «ЕҰУ-дың құрметті профессоры» атағы табысталды
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Цзя Цинлиньге «Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры» ғылыми атағы табыс етіілді.