Ол қуанышты жаңалығын Instagram парақшасындағы сторисінде бөлісті.
«Өмірімде үлкен өзгеріс болып жатыр. Жаңа маусымға дайындықты елордада бастаймын», - деп жазды Сәбина Алтынбекова.
Айта кетейік, отандасымыз 2022/2023 маусымды «Аль-Васл» командасының (БАӘ) сапында өткізді. Бірақ аталған команданың биылғы маусымдағы тізіміне қазақстандық ойыншы енбеді.