Кездесу тақырыбы экономика, табиғат және қоғамның үйлесімін көздейтін Тұрақты даму тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ адам капиталына инвестиция салуға шақыратын «Жасыл өсім» тұжырымдамасы болды.
Бақытжан Сағынтаев пен Рае Квон Чунг Астанада өткізіліп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.
Сондай-ақ ҚР Үкімет басшысы Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің бас директоры Марк Узанменде кездесті.
Кездесу барысында жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тұрғысынан алғандағы ынтымақтастық келешегіне қатысты мәселелер талқыланды.
Айта кету керек, Комитет Қазақстанның экономикалық әртараптандыру және тұрақты даму үдерістерін ілгерілету жөніндегі серіктесі болып табылады.