Calatrava Grace Corporation Астанадағы жобаларын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Абу-Даби қаласында «Calatrava Grace Corporation» компаниясының атқарушы директоры Майкл Калатравамен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында компанияның біздің елімізбен арадағы ұзақ мерзімге арналған ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Астанада іске асыру жоспарланып отырған жобалар таныстырылды.

«Calatrava Grace Corporation» компаниясы жылжымайтын мүлік саласындағы жаһандық жобаларға өз клиенттерімен бірге әр транзакция үшін 100 млн долларға дейін қаржы бөле алатын мүмкіндігі бар инвестор болып саналады. Бүгінде компания портфолиосы 32 елдегі жалпы көлемі 1,9 млн шаршы метр болатын 340 жобаны қамтиды.