Арнайы сенсорлы құрылғымен жабықталған робот өнімнің түрі мен көлемін де анықтай алады, деп хабарлайды 24.kz. Құрастырушы мамандардың айтуынша, жаңа техника өзгерістерге тез бейімделеді және жемісті сұрыптау ісін де атқара алады.
Cambridge consultants компаниясының басшысы Крис Робертстің айтуынша, роботтың жемісті анықтап, оны ұстауына арнайы датчиктер көмек береді. Содан кейін оны көтеруге қажетті қысым бөлінеді. Жинау кезінде жеміске ешқандай зақым келмейді.